Адамзаттық капитал

Қ.Ақсақалов: Жыл басынан бері «Нұр Отанға» 43 мың өтініш келіп түсті

2015 жылдың басынан бері 43 мың өтініш тіркелген, оның 20 пайызы бойынша шаалар қабылданды, деді Астанадағы республикалық кеңес барысында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Құмар Ақсақалов.
Астана қаласы25 Тамыз , 16:19

«Өткен уақытта 43 мың өтініш қабылданды. Өтініштердің 20 пайызы бойынша шаралар қолданылды. 73 пайыз өтінішке байланысты қайтарып жіберу себебі жазылды. Өтініштердің көп бөлігі әлеуметтік мәселеге негізделген: жұмыспен қамту-21 пайыз, баспана мен жер учаскелерін беру-19 пайыз, әлеуметтік қамту, жәрдемақы, зейнетақы, -15, ТКШ-14 пайыз, құқық қорғау органдарына арыздану-10 пайызды құрайды», - деді Қ.Ақсақалов.

Сондай-ақ, хатшының айтуынша, 10 ақпаннан бастап электрондық қабылдау порталында депутаттардың блогы жіьеріледі.

«Ол іске қосылғаннан бері 200 өтініш келіп түскен. Өтініштердің қарау бойынша сараптама жүргізілді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол партиялық жұмыстың тағы бір басымдығы мәслихаттардың депутаттық фракцияларының белсенділеуі мен  партия филиалдарымен жұмыс істеу болып табылады.

«Осы жылдың басында мәслихатта депутаттық партия жағдайына бірқатар өзгертулер енгізілді. Бірінші бесжылдықта өңірлерден 200 өтініш келіп түсті. Қорытындысында 57 сарапшылар отырысы өткізіліп, ҚР Үкіметіне 790 ұсыныс жіберілді оның 257-і қабылданды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика