Өңірлер

С.Өмірбеков: Жаңа ақша-несие саясатына көшу қазақстандық сүт өндірушілеріне септігін тигізеді

Қазақстанның жаңа ақша-несие саясатына көшу қазақстандық сүт өндірушілеріне септігін тигізеді, деді ОҚК брифингінде Қазақстанның ет-сүт кеңесінің атқарушы директоры Сансызбай Өмірбеков.
Астана қаласы25 Тамыз , 15:49

Оның айтуынша, отандық өнімдерді РФ –ның бағасымен теңестіру шешімі қабылданды, импорттық тауарлар рубль құлағаннан кейін арзандай түсті.

«2014 жылдың күзінде   Ресейде орын алған барлық жағдайдан соң біз 2015 жылы бұл қысымды сезіндік. Рубльдің бағамы екі есе арзандағанын біз 2015 жылдың басында сезе бастадық. Сүт бағасы 115 теңгеден 70 теңгеге құлады, ол 40 пайызды құрады. Егер де шағын кәсіпорынды алсақ, 1000-нан 1200 басқа дейін жетеді. Бұл өндірістік кәсіпорын, күніне 15 тонна сүт сауылады», - деді ол.

Сондай-ақ, бұл жағдай кәсіпкерлрге жоспарланған кеңейтуді жүзеге асырмады.

«Өткен аптада-20-шы тамызда болған жағдай – бағамның еркін қозғалуы, біздің сүт өндірушілерге РФ бөнімдерінің бағасымен тең түсуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда сүт бағасы 70 теңге. Тамыздың соңына қарай бұл баға 64-65 теңгені құрауы мүмкін», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика