Парламент

ҚР-да 2015 жылдың соңында қайырымдылық, демеушілік және меценаттық туралы заң қабылданады – депутат (ВИДЕО)

ҚР Парламентінің Мәжілісінде 2015 жылдың соңында қабылдау үшін қайырымдылық, демеушілік және меценаттық туралы заң әзірленуде, деді Strategy2050.kz. берген сұхбатында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова.
Астана қаласы 25 Тамыз, 14:47

«Біздің елде қайырымдылық және меценат ұғымы кеңінен пайдаланылғаны жөн. Біз Мәжілісте меценаттық, демеушілік және қайырымдылық туралы заң әзірлеудеміз. Дариға Назарбаева мен депутат Николай Кузьмин екеуі бастап берген шараны. Біз бұл заңды қабылдағанда біз бастаған істер қайырымдылыққа, демеушілікке, меценаттыққа ие болады», - деді ол.

Мәжілісменнің айтуынша, депутаттар заң қабылданбай тұрып, осы бағытта жұмыс істеп жатқанын айтты. 2015 жылдың шілдесінде мүмкіндігі шектеулі жандар басымдылыққа алынды.

«Қазір ондай акция бар. Біз Мәжіліс депутаттары  ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуді қолға алдық. Мен де мүгедек баланы қарамағыма алдым. Оның есімі – Артем. Біз олардың атынан есеп аштық, оған білім беру депозиттері жиналады», - деді ол.

Анара Тәңірқұлова

 
 





Дерекнама

Яндекс.Метрика