Адами капитал

«Нұр Отан» партиясы жаңа оқу жылына қарсы 1400 баланың жағдайын жасады (ВИДЕО)

«Нұр Отан» партиясының астаналық филиалы «Балаларды мектепке дайындаймыз» қайырымдылық шарасын өткізді. Шара аясында 1400 мүмкіндігі шетеулі және бірнеше аз қамтылған отбасылардың балалары мектепке қажет керек-жарақтармен қамтылды.
Астана қаласы 25 Тамыз, 13:34

« «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы 2009 жылдан бері «Балалаарды мектепке дайындаймыз»  акциясын өткізіп келеді. Жыл сайын біз шара аясында қоғамның әр түрлі бағытын қамтуға тырысамыз. Осы жылы мүмкіндігі шектеулі балаларға аса назар аудардық. Жыл сайын 1000 бала партиядан мектепке қажетті барлық заттарға ие болады», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Надежда Петухова.

Оның айтуынша, осы жылы акция аясында қалалық филиал 1400 астаналық балаға қолдау көрсетті.

«Меніңше, елдің жетекші партиясы балалық шаққа ерекше көңіл бөліп отырғаны өте орынды. Бала – болашақтың белгісі, біздің еңбегімізді дүниеге әкелетін солар. Бүгін 1400 мүмкіндігі шектеулі  бала мен бірқатар аз қамтылған отбасылардың балалары партиядан қажетті заттарды алды. Бұл ата-аналарға үлкен қолғабыс», - деді ол.

Айта кетерлігі, 2014 жылы Астаналық партия филиалы 1000 балаға көмек көрсеткен болатын.

Анара Тәңірқұлова

 
 
 
 
 
 





Яндекс.Метрика