Басқару

10 мыңнан астам ауыл тұрғыны әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 24 тамыз аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын10141 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.
Казахстан26 Тамыз , 10:34

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 10141 азаматтың 6354-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1999 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1788 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 24 тамыз аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 3022 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 4913 рет барды.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша 1761 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады.

Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған. 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика