Халықаралық интеграция

«Өзара іс-қимыл-2015» оқу-жаттығуына қатысушылар арасындағы спорттық жарыста қазақстандық әскери қызметшілер үшінші орынды еншіледі

Ресейдегі Суворов дивизиясының76-шы десант аумағында «Өзара іс-қимыл-2015» оқу-жаттығуына қатысушы әскери қызметшілер арасында спорттық жарыстар өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде25 Тамыз , 15:34

 Жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық әскери қызметшілер үшінші орынды иеленді. Таңертеңспортшылар жарыстыәскери қолданбалы спорт түрі – граната лақтыру сайысы бойынша ашты. Осы серпілістен кейін қатысушылар армия генералы В.Ф. Маргелов атындағы «Жауынгер» спорт залына орналастырылып, спортшылар гір тасын көтеру, белағашта денені қатайту, болейбол жарыстарын өткізді.

Сонымен қатар қазақстандық мерген әскери қызметшілерден құралған команда электронды ынталандырушы жаттығу құрылғысында классикалық атыс бойынша сайысқа қатысты. Қазақстандық әскерилер 100 метрге жүзуден және 4 және 50 метр аралығында эстафета жарысы бойынша жүзу спортынанартта қалды.

Бұдан басқа Қазақстанның мәдениет күні өткізілді. Осы орайда біздің әскери қызметшілер Қазақстанның тарихы және қазіргі дамуы туралы әңгімелейтін радиохабар жүргізіп, сондай-ақ тақырыптық көрме меноқу-жаттығуға қатысқан әр елдің әуені шырқалған концерт ұйымдастырды. 


 




Яндекс.Метрика