Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А.Дауылбаев: Прокуратура органдары заңдылықтар және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қызмет етеді

Бас прокуратурада Конституцияның жиырма жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс болып өтті, деп хабарлады ведомтсво.
Казахстан25 Тамыз , 15:02

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев әріптестерін Конституция күнімен құттықтай отырып, Ата Заңның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жолындағы тарихи мәнін, еліміздегі аса маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың нәтижелерін, конституциялық заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі прокуратураның рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысының көреген саясатының нәтижесінде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері терең әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді қамтыған үлкен жолды жүріп өтті. Қазіргі Қазақстанның тарихындағы өткен жиырма жыл Ата Заң мен еліміздің заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру уақыты болды. Осы тұрғыдан алғанда конституциялық заңдылықты нығайту, мемлекеттің тұрақты дамуы үшін қажетті жағдайларды жасау, ішкі саяси тұрақтылықты және қоғамның бірлігін сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Осы міндеттерді орындауда мемлекет атынан заңдардың нақты және дәлме-дәл қолданылуын жоғары қадағалауды, Конститиуцияға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерді анықтауды жүзеге асыратын прокуратура органдарына ерекше рөл берілген.

Бас Прокурор салтанатты жағдайда Мемлекет басшысының Жарлығымен наградталған прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды.

Осы мереке қарсаңында прокурорлардың арасында Конституцияның мерейтойына арналған үздік тақырыптық жұмыстардың байқауы өткізілген болатын. Конкурс жеңімпаздары ведомстволық наградалармен және Бас Прокурордың алғыс хаттарымен аталып өтілді.

Сондай-ақ салтанатты жиналысқа қатысқан Қазақстан Заңгерлер Одағының төрағасы, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев Бас прокуратураның басшыларына «Қазақстанның құрметті заңгері» төсбелгісін табыс етті.

Бас Прокурор награда иегерлерін құттықтап, олардың барлығына еліміздегі заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жауапты міндеттерді орындауда одан әрі жетістіктер тіледі.

 




Яндекс.Метрика