Ұлтаралық бірлік

Қазақстанның барлық аймақтарынан келген шамамен 70 қатысушы үздік пікір-сайысшысы атағына таласуда

Қазақстан халық Ассамблеясы жылына арналаған Парламенттік пікір-сайыс республикалық турниріне еліміздің түкпір-түкіпірен 70 қатысушы келді, олар өзара үздік пікір-сайысшысы атануға таласуда, деп хабарлады Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Айдын Сәбитов Астанадағы ойынның ашылуы барысында.
Астана қаласы25 Тамыз , 12:38

«Пікір-сайыс ойындары сараптамалық, еркін ойлау қабілеттерді дамытады, осы ретте көптеген жұмыстар жүргізілуде және бұл ретте көрсеткші ретінде пікір-сайысқа қатысуға келген 70-ке жуық адамды келтіруге болады», - деді А. Сәбитов.

Турнирдің бас төрешісі Серік Ықыласов атап өткендей, мұндай турнирлерді өткізу мемлекет пен жастар арасындағы диалогты дамытуға оң әсер етеді.

Айта кетерлік жайт, республикалық турнирді өткізуге дейін еліміздің барлық аймақтарында іріктеу кезеңдері өткізілді, олардың жеңімпаздары Астанаға арнайы келді.

«Бастапқыда іріктеу кезеңдері аймақтарда өткізілді, бүгінгі республикалық турнирде олар үздік атану үшін өзара жарысуда», - деп атап өтті А. Сәбитов.

Индира Қауметова 




Яндекс.Метрика