Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан энергетикалық тұрақтылық индексі бойынша 58 орынды иеленді

Энергетикалық тұрақтылық индексі бойынша Қазақстан 129 елдің ішінен 58 орынды иеленді. Мұндай мәлімет Әлемдік энергетикалық конгресстің қорытынды есебінде жазылған.
Казахстан25 Қазан , 09:38

Конгресстің мәліметінше, елдің рейтингі өскен және энергетикалық қауіпсіздік саласында Қазақстан көптеген жетістіктерге жеткен. Қазақстан АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Швейцария, Испания, Швеция, Герамания, БАӘ басып озып 6 орынды иеленді.

Сонымен қатар, электр тұрақтылығын атап өтуге де болады. Бұл орайда Қазақстан 35 орынды иеленіп отыр.

«Дүниежүзілік энергетикалық конгресстің рейтингісіне қатысу өте үлкен мәртебе. Бұл Елбасының тапсырмасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясының» жүзеге асуы. Қазақстанның рейтингі жыл санап өсуде. Яғни, ол бүгінгі таңдағы 6-шы және 35-ші орын көрсеткіштерінің нәтижесі», - деп Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек.

Оған қоса, Қазақстанның энергетикалық экологиялықты көтерудің халықаралық рейтингісі шығарылды.

Дүниежүзілік экономикалық конгресстің индексі 3 бағытты қарастырады: энергетикалық қауіпсіздік, элект экологиясының саласы, халықты электрмен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика