Ұлтаралық бірлік

Астанада НЗМ негізінде ҚХА жылына арналған парламенттік дебат бойынша руспибликалық турнир ашылды

Астанада НЗМ негізінде ҚХА жылына арналған парламенттік дебат бойынша «Қазақстан Халқы Ассамблеясы - ел бірлігі мен достығының іргетасы» атты руспибликалық турнир ашылды. Шараға Қазақстанның барлық жастары қатысты.
Астана қаласы25 Тамыз , 12:13

«Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  аталмыш республикалық дебаттарда мемлекеттік және саяси тақырыптар талқыланды. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы, «әңгілік ел» идеясы, оған қоса, ҚХА даму сұрақтары қарастырылады. Біз ҚХА-ға 20 жыл толып жатқандығын білеміз, 20 жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік, бірыңғай көзқарас қалыптасты. Оған, қоса, жастар өздерінің ұстанымдарын көрсете алып, жүзеге асыруда», - деді Жастар конгрессінің директоры Айдын Сәбитов.

А.Сәбитов атап өткендей, шараны өткізу мақсатында жастарды ҚХА туралы ақпараттандыру және стратегиялық мемлекеттік бағдарламаларға жастардың қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Айта кетейік, турнирдің жүлдегелері елдің әр түкпірінен 6 команда қатысты: 3 команда мемлекеттік тілдегі бойынша лигада, үшеуі орысша. Бірінші орын жеңімпаздары ҚР Білім және білім министрлігінің кубогына ие болады. Турнирдің үздік спикерлері де аталып өтеді. Барлық жүлделі орынға ие болғандар ҚР БҒМ атынан жүлделер мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Шараны ұйымдастырушылар ҚР БҒМ қолдауымен Қазақстан жастарының конгрессі болып есептеледі.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика