Білім беру

Қазақстандық мектептегі білім беру жаңа пәндермен толығады

Мектептік білім берудің жаңартылған құрамына сәйкес бастауыш сыныптар «Жаратылыстану», «Ақпараттық-коммуникативті технологиялар» пәндерімен және «Дүниетану» пәнінің құрамы толықтырылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов республикалық тамыз кеңесі барысында.
Казахстан25 Тамыз , 12:09

 «Қазақстанда жаңа пәндер енізіледі. 3 сыныптан бастап «Жаратылыстану», «Ақпараттық-коммуникативті технологиялар  пәндері енгізіледі және «Дүниетану» пәнінің  құрамы толықтырылады . Жаратылыстану пәні биология, химия,  физика сынды пәндердің кіріспесі болып табылады. АКТ пәні компьютерлік технологияларды іс-жүзінде пайдалануға бағытталған»,  деді ол.

«Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» пәні алтыншы сыныптан емес, «Әлем тарихы» пәнімен қатаре бесінші сыныптан бастап оқытылады»,  деді А. Сәрінжіпов.

Жоғары сыныптарда міндетті пәндерді қысқарту арқылы үш жаңа пән және тағы төрт міндетті пәндер енгізіледі.

«Ал, жаратылыстану-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептер үшін пәндер құрылымы мүлдем басқа болады. Оқушылар пән санымен оларлың деңгейін өзбетінше анықтайтын болады. Сонымен қатар, «Жаһандық болашақ және жобалық қызмет» жаңа пәні енгізіледі»,  деп түйді А. Сәрінжіпов.




Яндекс.Метрика