Адами капитал

С.Жақыпова: 450 тұрғын ҚР-ның 24 бейімделу орталығында әлеуметтік қызметке ие болды

450 тұрғын ҚР-ның 24 бейімдеу орталығында әлеуметтік қызметке ие болды, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Астана қаласы25 Тамыз , 12:01

«ҚР қылмыстық-атқару кодексінің 1-ші бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар белгіленген комиссиялар құрып, аталмыш тұлғалардың бейімделу орталығында әлеуметтік трғда бейімделу жоспарын әзірлеуді қарастырады. Комиссиялар құрылды, олардың құрамына  мәслихаттар депутаттары, кәсіпкерлік өкілдері, атқарушы органдардың жетекшілері кірді», - деді С.Жақыпова.

Аталмыш комиссия вице-министр атап өткендей, темір тордан босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік қорғауға бағытталған.

«Сондай-ақ, егер босатылған тұлға жалғызбасты, қария, мүгедек болса ол үйлестіру органдарына барып, медико-әлеуметтік мекемелерге орналастыруды талап ете алады. Бүгінде ондай тұлғаларды қабылдайтын 42 медико-әлеуметтік ұйым бар, онда 173 адам тіркелген», - деді ол.

Оның айтуынша, 24 бейімделу орталығынан 450 адам ем алды.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика