ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңарады – Сәрінжіпов

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңартылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов республикалық тамыз кеңесі барысында.
Астана қаласы25 Тамыз , 11:52

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңарады  – Сәрінжіпов

Қазақстанда 2020 жылға дейін мектептің білім беру құрылымы толығымен жаңартылады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі  Аслан Сәрінжіпов республикалық тамыз кеңесі барысында.

«Бүгінде Елбасы ұсынған жаңа экономикалық саясат жаңа талаптар қойып отыр.  Ол орта білім беруді жаңғыртыду талап етіп отыр, адам капиталын дайындау бізге көлеңкелі тәуелділіктен арылуға, экономиканы әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруға мүмкіндік береді.

Біз алдымызға мектептегі білім беру құрылымын жаңарту арқылы дамыған елдерге жақындауды көздеп отырмыз», - деді ҚР министрі.

Осылайша, ҚР БҒМ жаңартылған білім беру құрылымына кешенді келеді.

«2016 жылы барлық бірінші сыныптар жаңартылған білім беру құрылымына көшеді, 2017 жылы 2-5 сынып оқушылары, 2018 3,-3-9 сыныптар ауысады, ал 2020 жылға қарай білім беру құрылымы толығымен жаңартылады», - деді А. Сәрінжіпов.




Яндекс.Метрика