Білім беру

Қазақстанның жоғарғы сыныптарында үштілді оқыту кезең-кезеңмен енгізіледі

Қазақстанда жоғары сыныптарда үштілді оқыту кезең-кезеңімен енгізіліп, ағылшын тілінде ЖОО-ларда білім алу дәрежесіне жеткізіледі. Бұл туралы «Жаңа білім беру бағдарламалары,инновациялар және білікті ықпал ету – табысты мектепке бастар қадам» атты тамыздық педагогикалық кеңесте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.
Казахстан25 Тамыз , 11:45

«Үштілді оқытудың моделі енгізіледі. Оның алдында – ағылшын тіліне кезең-кезеңмен енгізу жұмысын енгізу тұр. Пәндерге қосымша ретінде қазақ әдебиеті қосымша түрінде енгізіледі, Қазақстан тарихы мен география қазақ тілінде өткізіледі, ол білім беріп отырған тілге тәуелді емес. Жазғы тілдік тоқсандықтың ұйымдастырылуы жүзеге асырылуда, оған 3-4 курстардың студенттері тартылады. Қорытындысында жоғарғы сыныптарда ағылшын тілінде информатика, физика және химия сабақтарын өткізу қарастырылуда», - деді ол,

Министрдің айтуынша, білім берудің жоспарланып отырған жаңа стандарттары  білім берудің гуманизациясына ықпалдастырылған.

«Біз өзіміздің алдымызға – мектептегі білім беруде өзгеріс енгізу арқылы дамыған елдер қатарына ену болып табылады. Өту үрдісі шығармашылық идея қалыптасып, адамды дамытатын ортада оқушы білімді енжар қабылдамауы тиіс», - деді А.Сәрінжіпов.

Айта кетейік, үштілдік білім беру 2016 жылға жоспарланған. Толық өту үрдісі 2020 жылға жоспарланған.

 




Яндекс.Метрика