«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбеде «Нұрлы жол» аясында жылумен қамту нысандарын қайта жаңғырту бойынша 13 жоба жүзеге асырылуда

«Нұрлы жол» аясында Ұлттық қордан 20 жылға 0,02 пайыздық көрсеткішпен 3,7 млр теңге 13 жобаны жүзеге асыру үшін бөлінді, деп хабарлады облыстың ІСБ.
Ақтөбе25 Тамыз , 20:03

Айта кетейік, 2012-2014 жылдары 33,3 шақырым жылу жүйесі мен Алға, Шалқар, Бадамша ауылдарында 3 орталық қазандық қалыпқа келтірілді. Толық құны 2 728,1 млн теңгені құрады.

2015 жылы 21 магистральді және ішкікварталды жылу жүйелерінің нысандары жөнделді. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждық жұмыстарының 85 пайызы атқарылды.

Қорытындысында 11,6 км жылу жүйелері ауыстырылып, Ақтөбе қаласындағы жүйенің ескіру деңгейі 51 пайыздан 60 пайызға төмендейді.

Айта кетерлігі, 2016 жылы «Трансэнерго» АҚ ЕҚДБ қаржысы тартылады. 2,7 млрд теңгеге 11 жоба жүзеге асырылады, келісім шарт қол қою деңгейінде.




Дерекнама

Яндекс.Метрика