Адами капитал

Жарты жыл ішінде жұмыспен қамту органдарына жазасын өтеп шыққан 935 адам өтініш жасаған - вице-министр

Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында жұмыспен қамту органдарына жазасын өтеп шыққан 935 азамат өтініш жасаған, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова ОКҚ-да «Жазасын өтеп шыққандарды және пробация қызметінде тіркелгендерді әлеуметтік бейімдеу» тақырыбымен өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы25 Тамыз , 11:21

«Заңнамаға сәйкес жазасын өтеп шыққандар қиын өмірлік жағдайға душар болған жандар ретінде танылады. Егер оларды жұмыспен қамту мәселесіне келетін болсақ, онда олар мақсатты топқа жатқызылады. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында жұмыспен қамту органдарына  жазасын өтеп шыққан 7 мың азаматтың 935 өтініш жасаған», - деді С.Жақыпова.

Оның айтуныша, осы 938 адамның 750 жұмыспен қамтылған және 141 адам Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында аталмыш тұлғалар үш бағыт бойынша қамтылып отыр. Бүгінде 92 адам инфрақұрылымдық жобаларға жіберілді,  Сонымен қатар, 35 адам мамандық алу үшін арнайы білім мекемесінде білімін жетілдруде», - деді вице-министр.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика