Өңірлік және халықаралық ықпалдастық

Қазақстан даму бойынша аймақтық көшбасшыға айналуда

Қазақстанға сапары барысында БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен ТМД елдері бойынша Аймақтық Бюро директоры Джихан СултанұлыҚР дамуы мен оның Орта Азия аймағындағы рөліне өз бағасын берді.
Астана қаласы25 Қазан , 09:19

«Бүгінде ортадан жоғары табысы бар ел ретінде Қазақстан өз тәжірбиесін шет елдерге ұсына отырып даму бойынша аймақтық көшбасшыға айналуда. БҰҰ ДБ «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы, мемлекеттік қызметтегі аймақтық хаб секілді өзге де бастамаларды қолдайды», - деді брифингте Д.Султанұлы.

Сонымен қатар, Қазақстан қарқынды даму жолына түсе отырып, тұрақты әлеуметтік және экономикалық даму мен ЖІӨ-нің уақыт өткен сайын арта түсуі арқылы тәуелсіздік жылдарында дамудың үлгісін көрсеткенін айтты Д.Султанұлы.

«Қазақстанда жұмыс істеген 20 жыл ішінде Қазақстанның мүмкіндіктер мен мәселелерді терең түсініп, игере алатынына көз жеткіздім», - деді Аймақтық Бюро директоры.

Естеріңізге сала кетейік, Д.Султанұлының сапары Қазақстандағы БҰҰ ДБ-ның 20 жылдығына орайластырылған. Сапара барысында БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен ТМД елдері бойынша Аймақтық Бюро директоры Қазақстан Үкіметі өкілдерімен, соның ішінде вице-премьер Ербол Орынбаевпен, Сыртқы істер вице-министрі Алексей Волковпен кездесті.

Хабарламада айтылғандай, БҰҰ ДБ Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмы істеп келеді. Әріптестіктің 20 жыл ішінде БҰҰ ДБ мен ҚР Үкіметі 70 млн долларлық 170 жобаны іске асырды.

 

 

 




Яндекс.Метрика