Білім беру

2015-16 оқу жылдары 4,5,6 және 11 сыныптарға арналған қайта шығарылған оқулықтар пайдаланылады – ҚР БҒМ

2015-16 оқу жылында 4,5,6 және 11 сыныптарға арналған қайта шығарылған оқулықтар (қорландыру топтамасы) пайдаланылатын болады, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Казахстан25 Тамыз , 11:38

Жергілікті атқарушы органдардың сатып алуы үшін өңірлік бюджеттен шамамен 13 млрд теңге бөлінді. Облыстық және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларынан алынған ақпаратқа сәйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылды.

1, 2, 3, 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларын алдыңғы жылдары шыққан оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп кітапханаларының қорынан жоспарлы түрде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта республиканың барлық мектептерінде оқушыларға оқулық тарату жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, қосымша білім беру әдебиеттерін (жұмыс дәптерлері, атластар, контурлық карталар, және т.б.) ата-аналар өз қаражаттарына кітап дүкендерінен сатып алатының атап өткен жөн.

Оқу жылының басында дүрлікпе жасамау үшін, оқушылар мен олардың ата-аналарына, оқулықтарды, сондай-ақ қосымша әдебиеттерді және мектеп жабдықтарын дүкеннен сатып алуды кешіктірмеулеріңізді өтінеміз.

ҚР БҒМ  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің және оның өңірлік департаменттерінің интернет-ресурстарында оқулықтардың сапасы мен мектептерге жеткізу бойынша жұртшылықпен кері байланыс орнату мақсатында жедел желілер қосылады.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика