Халықаралық интеграция

«Өзара іс-қимыл-2015» оқу-жаттығуына қатысушыларға қазақстандық РХБҚ батальоны қару-жарағы мен техникасының үлгілерін көрсетті (Фото)

Ресей Федерациясы Псков қаласындағы 76 гвардиялық әуе-десанттық дивизиясының базасында «Өзара іс-қимыл-2015» ҰҚШҰ ЖДҰК оқу-жаттығуының ресми ашылу рәсімі болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 25 Тамыз, 20:43

Оқу-жаттығуды ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков және РФ ҚК ӘДӘ қолбасшысы генерал-полковник Владимир Шаманов ашты. Ашылу рәсімінен кейін оқу-жаттығуға қатысушыларға қазақстандық РХБҚ батальонының қару-жарағы мен техника үлгілері көрсетілді.

Атап айтсақ, олар АРС-14kz газсыздандырылған көліктері, РАСТ-1kz және РАГ-2kz есептік-талдау кешендері, радиациялық және химиялық құрылғылар, 24 сағат бойы әскери қызметшіні улы заттардың барлық түрінен кепілді түрде қорғайтын жаңа жеке қорғаныс жиынтықтары. Кез-келген ауа-райында 150 адамды бір уақытта қатерсіздендіретін және газсыздандыратын мүмкіндігі бар далалық арнайы өңдеу жиынтығын көрсетті.

Сонымен қатар ӘДӘ қолбасшысы көрсетілген техникалардың үлгілерін мұқият тамашалап, ҰҚШҰ қамтамасыз ету бөлімшелерінің әрі қарай дамыту, оның ішінде әскерлерді РХБ қорғанысын, сондай-ақ РХБҚ аумағында мамандарды бірлесіп оқытуды жалғастыру қажеттігін сенімді атап өтті. Мәдени бағдарлама бойынша Қазақстанның ұлттық мәдени күні ұйымдастырылып, оның аясында концерт, ұлттық тағамдар көрсетілген фото-кітапша көрмесі өткізілді. Бірлесіп өткізген спорттық жарыстарға қатысқанҚазақстандық әскери қызметшілер 3 орынды иеленді.


 





Яндекс.Метрика