Өңірлер

ШҚО-да негізгі тұтыну тауарларының бағасын арнайы штаб бақылауға алды

ШҚО-да 50 мыңға жуық дәрі-дәрмек түрі мен азық-түліктердің бағасы тұрақты. Өскемен қаласында құрылған жедел штаб өкілдері күнделікті дәріханалар мен көптеп сату орындарында бақылау жүргізіп, бағаларды қадағалауға алды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Тамыз , 12:54

Жедел штабтың өкілі Майраш Екібасованың айтуынша, әзірше себепсіз бағаны күрт өсірген нысандар байқалмады.

« Штаб жұмысының алғашқы үшкүндігінде қала тұрғындарынан ешқандай баға өсімі бойынша шағым түспеді. Штаб мүшелері бағаларды бақылай отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Егер бағаны өсірген сауда орны анықталса, бірден монополияға қарсы комитетке хабарласып, шара қолдануын сұраймыз», – деді Майраш Екібасова.

Сонымен қатар, штаб облыс орталығында әр апта сайын өтетін жәрмеңкелердегі де бағаларды қадағалауға алады.

 

 

 




Яндекс.Метрика