Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

«Ата заңға адал» акциясының қорытындысы бойынша үлгілі әскери қызметшілер марапатталды

Қазақстанның үш қаласын айналып өткен «Ата заңға адал»патриоттық акциясы Өскеменде аяқталды, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 25 Тамыз, 10:51

Аталып өткендей, акцияға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің  әскери қызметшілері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты. Жалпы, 700-ге жуық адам. Акцияның басты мақсаты - мемлекеттің негізгі Заңын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяны құрметтеу дәстүрін нығайту. 

«Елімізді қорғау мен қауіпсіздік баршасынан жоғары. Біздің әскерлеріміз еліміздің егеміндігін әрқашан қырағыдай қорғауда, Конституция  мемлекетіміздің басты заңы, оны бұлжытпай орындау арқылы еліміздің саяси, мәдени, қоғамдық және рухани дамуы алға ілгерілеуде. Әскеріміздің алдында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндеті тұр. Ол үшін бізде барлығы бар», - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов

Өскемендегі «Ата заңға адал» патриоттық акциясы аясында міндеттерін орындауда ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді мадақтау және марапаттау рәсімі өте әсерлі өтті. Онда «Үздік жас отбасы», жауынгерлік сайыстың озаты», «Үздік аға тәлімгер», «Үздік кіші командир» байқауларының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

Марапаттау рәсіміне Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова қатысып, тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерімізге еліміздің Басты заңы негізінде қол жеткізілгенін атап өтті.

Айта кетерлік жайт, «Ата заңға адал»патриоттық акциясымен ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің барлық гарнизондары қамтылды, бұл дегеніміз ҚР ҚК 70%.

 

 





Яндекс.Метрика