Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев Сербия Президенті және МАГАТЭ бас директорымен кездеседі

Ақорданың ресми сайты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өтетін шаралар аңдатпасын жариялады.
Казахстан25 Тамыз , 10:14

26 тамызда Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты келіссөздер өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылмақ.

27 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД елдері мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорларымен кездесуі жоспарланған.  

Қазақстан Президенті сондай-ақ осы күні МАГАТЭ бас директоры  Ю.Аманоны және АҚШ-тың бұрынғы сенаторы С.Наннды қабылдайды.

Ал 28 тамызда Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия Президенті Томислав Николичпен кездеседі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сол күні ел Конституциясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуы жоспарлануда.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика