Өңірлер

Оразақ ауылындағы мектеп жаңа оқу жылына дайын

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барып Оразақ, Ақмол және Қосшы ауылдарындағы салынып жатқан үйлердің құрылысы барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкідігі.
Ақмола 25 Тамыз, 09:58

Бүгінде бұл ауылдарда 45 көпәтерлі төрт үйдің және 100 екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 

Қосшы ауылында өңір басшысы салынып жатқан 45 пәтерлі үйді қарап, 10 күннің ішінде баспаналы болатын тұрғындардың тізімін тез арада бекіту қажеттігін айтты.

«Әр отбасы өзінің қай пәтерде тұратынын алдын-ала біліп отыруы керек, -деді әкім. Қосшы және Ақмол ауылдарында да құрылыс жұмыстары жалғасуда. Екі нысанда да үйлердің іргетасын қалау бойынша жұмыстар аяқталып, 1 қабаттың қабырғасын қалау, тақталарды монтаждау және 2 қабаттағы қабырғаларды қалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Оразақ ауылында облыс әкімі мәдениет және спорт орталығын жаңа негізгі мектепке қайта салу бойынша жасалып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өңір басшысы білім мекемесінде  сыныптар мен жөнделген спорт залын көрді.

Оразақ ауылында бүгінде тез қарқынмен 100 екіпәтерлі үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс алаңқайында шамамен 35 отбасы, екі жүздей жергілікті тұрғындар жұмыс істеуде. Бүгінгі күні 92 үйдің іргетасы қаланып, 63 үйдің қабырғасы монтаждалған, 31 үйдің төбе жабындысы бекітіліп, монтаждалған, 38 үйдің алды кірпіштен қаланған. Үйлерге коммуникациялық жабдықтар тартылуда. 

Кездесу барысында мердігерлер үйлердің қазан айының аяғында дайын болатынын жеткізді.





Яндекс.Метрика