Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Жамбыл облысында 65 шақырымға созылған айналма жол ашылды

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізін қайта жаңғырту жобасы бойынша облыс аумағынан өтуі тиіс 495 шақырым жолдың сапалы болуына ықпал етті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл 25 Тамыз, 09:27

«Тараз қаласын   айналып өтетін  айналма жол»  құрылысының аяқталуына орай салтанатты жиын өтті.  Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылының жанынан өтіп,  Шымкент қаласымен екі араны жалғайтын  жаңа жолдың  ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысты.

Айналма жолдың ашылу  салтанатында  лентаны облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен «Қазавтожол» акционерлік қоғамы облыстық филиалының басшысы Қайрат Кәрібаев қиды.

Іс-шара  соңында құрылыс жұмысын жүргізген «КСС Инжиниринг Констакшн» компаниясының өкілі,  жоба жетекшісі Чо Донг  Чо БАҚ өкілдерін өздері атқарған жұмыс барысымен таныстырды.

Кореялық  мердігер компания өкілінің айтуынша, мұнда төрт көліктік жол айрығы, сегіз көпірлер мен өткелдер,  123 су өткізу құбырлары салыныпты. Ашылу  салтанатынан кейін Алматыны бетке алған   «Камаз»   көліктері  жүре бастады. Мұндай мүмкіндікке ие болған жүргізушілер көңілді. Бұл айналма  жолмен мыңдаған жолаушының  жүріп өтетіні анық.

 





Яндекс.Метрика