Білім беру

ҚР-да жас ұрпақты тәрбиелеу барысында «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығының тәжірибесін тарату керек

ҚР Білім және ғылым министрлігіне жас ұрпақты тәрбиелеу барысында «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығының тәжірибесін тарату туралы ұсыныс жасалды.
Астана қаласы24 Тамыз , 18:49

Бұл ұсынысты республикалық Тамыз кеңесі аясында өткізіліп жатқан «Мәңгілік ел»құндылықтарын енгізу» панельді сессиясының қатысушылары жасады.

«Жас ұрпақты тәрбиелеу барысында «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы мен «Мәңгілік ел» тәрбиелік білім беру орталығының  тәжірибесін тарату керек. Отбасының әлеуметтік институтының жұмысын жандандырған да жөн», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жастардың саясиэтникалық және саясиконфессиялық қарым-қатынасында толеранттылыққа қол жеткізу үшін тиімді механизмдерді енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика