Халықаралық интеграция

Астанада МАГАТЭ төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойылу рәсімі өтеді

2015 жылғы 27 тамызда ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан үкіметі және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) арасында Қазақстанның аумағында МАГАТЭ төмен байытылған уранның банкін (ТБУБ) құру туралы келісімге қол қойылу рәсімі өтеді, деп хабарлады ҚР СІМ халықаралық ақпараттар комитетінің төрағасы Роман Василенко.
Астана қаласы24 Тамыз , 18:17

«Қазақстан дәл қазір үлкен қадам жасағалы тұр. Тамыздың 27-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан үкіметі және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) арасында Қазақстанның аумағында МАГАТЭ төмен байытылған уранның банкін (ТБУБ) құру туралы келісімге қол қойылу рәсімі өтеді», деп хабарлады  ҚР СІМ халықаралық ақпараттар комитетінің төрағасы Роман Василенко.

Астанада өтетін салтанатқа Ұлыбританияны, Қытайды, Ресейді, АҚШ-ты және Францияны, сондай-ақ жобаның демеуші елдері ЕО-ны, Норвегияны, Кувейтті, БАӘ-ні қоса алғанда, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше мемлекеттер өкілдері қатысады. Келісімге Қазақстан атынан ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, МАГАТЭ атынан – Ұйымның Бас директоры Юкия Амано қол қояды.

ТБУБ дүниежүзі елдерінің атом электр станцияларына арналған отынға сенімді түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Банк Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты (ҮМЗ) аумағында орналасатын болады.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика