Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы контейнерлік пойыздардың жылдамдығы тәулігіне 1112км/сағ құрады

Қытай-Еуропа-Қытай бағдарындағы контейнерлік пойыздардың санының артуына Қазақстан аумағы арқылы өту жылдамдығы көрсеткішінің өсуі әсер етіп отыр, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан25 Тамыз , 09:12

Теміржолшылардың алдына арнайы жасалған кесте жүзінде тәулігіне 1200 шақырымға жеткізу туралы тапсырма берілген болатын.    Биылғы жылдың жеті айында контейнерлік пойыздардың орташа жылдамдығы тәулігіне 1112 шақырымға жеткізілді.  Бұл Қытай- Еуропа бағдарындағы үздік көрсеткіш болып табылады.

Сонымен, аталмыш пойыздың қауіпсіз қозғалысы мен станциялардағы техникалық және коммерциялық тексерулерді жүргізу локомотивтер мен локомотив бригадаларын алмастыру, жылжымалы құрам мен авто тежегіштерді бақылау уақытын барынша ықшамдау нәтижесінде мүмкін болды.

Достық станциясында контейнерлік пойыз 4 сағат 30 минут тұрса, Елек станциясында 2 сағат 15 минут тұрады. Ал, негізінде жүк пойыздарының аталмыш станциялардағы технологиялық тұру уақытының нормасы 6сағат және 3 сағат 30 минут болып қарастырылады.

Достық пен Елек станциялары аралығындағы 12 станцияның әрқайсысында 10 минуттан тұрады. Он минутта локомотив бригадалары алмастырылса, 25 минутта локомотивтің өзін алмастыру үдерісі жасалады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ –ында пойыздың жүру жылдамдығын барынша арттырудың кешенді шаралары жасалуда. Оның ішінде жүктердің жөнелтушіден тапсырыс иесіне сапалы күйнде жеткізілуіне басымдық берілген.




Яндекс.Метрика