Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Арқалық- Шұбаркөл жаңа теміржол желісі арқылы Шұбаркөл резервінен айына 4 млн тонна көмір тасымалданады

Жаңадан ашылған Арқалық-Шұбаркөл жаңа темір жол желісі арқылы айына 5545 вагон, яғни 4 миллион тоннаға дейін көмір тасымалдануда, деп хабарлады «ҚТЖ»АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан25 Тамыз , 08:36

Естеріңізге сала кетейік, бұл темір жол желісінің іске қосылуына өткен жылы тамыздың 22-сінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат еткен болатын. Содан бері осы уақытқа дейін қазақстандық және шетелдік сұраныс иелеріне 3-тен 5-ке дейін бағдарларға көмір жөнелтілуде.

Бұрын көмірді Қызылжар арқылы айналма жолмен жеткізіп келсе, ендігі жерде екі есе қысқа қашықтықпен тіке бағдарда жөнелтеді.

«Тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Станциядан айына 5545 вагон, яғни 4 миллион тоннаға дейін көмір тиейміз. Мұның барлығы Арқалық бағдарына одан әрі Ресейге,ТМД елдеріне бағыт алады. Көбіне Финляндияға жеткізілед»і,- Шұбаркөл станциясының бастығы Әсет Сәдуақасов.

Арқалық-Шұбаркөл темір жол желісінің ұзындығы 215,9 шақырым болады. Темір жол Қарағанды және Қостанай облыстары аумағымен өтеді.

«2015 жылғы шілдеде құрылыстың 1-ші кезегіндегі бірінші өткізу кешенін  жұмыс комиссиясы қабылдап алды. Құрылыстың екінші кезегінің кешені аяқталған соң, сонымен қатар бірінші кезегімен бірге Мемлекеттік комиссияның қабылдауы өткізіледі»,-дейді Арқалық-Шұбаркөл темір жол желісі құрылысының басқарма бастығы Жомарт Тоқтаров.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда мұндағы еңбеккерлердің жұмыс жасауы мен тұрғылықты жағдайы аса жайлы. Арқалық станциясында вокзал қайта жаңғыртудан өткізілсе, еңбеккерлерге арналған 45 пәтерлік тұрғын үй бой көтерді. Шұбаркөл станциясында 8, жол айырықтарында 10 екі пәтерлік үйлер салынды. Екінші өткізу кешені іске қосылған кезде, Шұбаркөл станциясында 18 екі пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.

Жаңа темір жол желісі аймақтың индустриялық дамуына, өңірдің гүлденуіне серпін берді. Жол бойындағы жаңа кен орындарын барлау мен игеру жұмыстары басталып та кетті.




Яндекс.Метрика