Өңірлер

ҚР экономикасын дамыту үшін ҰКП ҚХР-ға майлы дәнді дақылдар мен бидай экспортын бір жолға қоюды ұсынды

«Атамекен» Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қытайға майлы дәнді дақылдар мен бидай экспортын бір жолға қоюды ұсынды. Бұл өз кезегінде ҚР-ға еркін бағам режимінде күшті экспорттаушыға айналуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
Астана қаласы24 Тамыз , 17:06

Оның айтуынша, Қазақстан жаңа экономикалық саясатқа көшкеннен кейін Үкімет экспортқа бейімделген салаларға тәуелді болмауы үшін экономиканы сапалы түрде түрлендіру керек.

«Осы ретте тамақ және ауылшаруашлығы саласы таптырмас олжа болмақ. Еркін бағам режимінде Қазақстан Қытайға майлы дәнді дақылдар мен бидай экспортайтын мықты экспорттаушыға айнала алады. Қытай 3,8 млн майлы дәнді дақыл тұтынады, бұл өнімді олар 50-100 жыл бойы сатып ауға дайын. Олар оны Америка мен Канададан алып келеді. Біз оларға қарағанда жақынбыз, оданша логистиканы реттейік», - деді ол.

Осы ретте, ол атап өткендей, біз бизнес пен халықтың үмітін ақтауымыз керек. 




Яндекс.Метрика