Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Конституциялық кеңес «Конституция» залының ашылуына қатысты

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Конституция» залы ашылды. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясы және Қазақстанның мемлекеттік бейнелемесі туралы оқырмандардың таным-түсінігін, сондай-ақ Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеп, белсенді азаматтық ұстанымдарын әрі құқықтық сана-сезімін қалыптастыру.
Астана қаласы 24 Тамыз, 16:28

«Конституция күні – негізін салушы, мемлекетті құрушы мерекенің бірі. Сондықтанда кітапханада арнайы зал ашылуда, оның мән-мағынасы терең. Бұл мереке саналы түрде аталып өтетін мейрам болып табылады», - деді ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов.

Оның айтуынша,  конституциялық заңгерлік Конституцияның баршылығымен қамтамасыз етіледі.

«Конституцияның рөлін қайта бағалау соншалықты оңай емес, ол барлық құқық жүйесін қалыптастырып отыр. Конституцияның авторы Қазақстанның күллі халқы. Ал, оны басты жасақтаушы ҚР Президенті Н.Назарбаев», - деп толықтырды И.Рогов.

Сонымен, Конституция Залының экспозицицясы 4 бөлімнен тұрады: 1. Қазақтың әдет-ғұрып ережелері; 2. Қазақстан Конституциясының тарихы; 3. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конститциясы; 4. Шет елдердің Конституциялары.

Экспозицицияның басты бұйымдары қазақтың әдет-ғұрып ережелері мен Қазақстан Конституциясының, сондай-ақ шет елдердің Конституцияларының тарихына байланысты 300-ден аса кітап, кітапша, кино-фото-фоно құжаттардан құралған.

Конституция Залы ғалымдар, студенттер, оқушылар, кітапхана оқырмандары, кітапқұмарлар, сондай-ақ мемлекет тарихы бойынша әуесқойлардың жұмыс жасауына арналып отыр.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика