Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Доспановтар әулеті: Бір отбасы – бір кәсіп

Әулеттің жалпы еңбек өтілі: 267 жыл.
Астана қаласы28 Қазан , 18:52

Әулеттің отағасы Қойшыбек Доспанов – Қаз ССР еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек қызыл туы мен Октябрь революциясы орденінің кавалері. Өзінің еңбек жолын қарсақпай зауытынан бастады. Кейін Жезқазғанға көшіп, зейнетақыға шыққанша дейін балқытушы болып қызмет етті.  Оның отбасында 11 бала, 26 немере, 10 шөбере бар. Доспановтар өз зауытының патриоттары.

«Мен өз өміріме ризамын. Менің барлық балаларым оқып, мамандықтарына ие болды. Өз жарларымен тату-тәтті өмір кешуде. Жұмыста мен туралы ұмытпайды. Достарым келіп тұрады. Маған одан артық не керек? Зауыт әрқайсысымыз үшін өмір мәніне айналды», - деп Доспанов Қойшыбек өз еңбек өмірінің жазбасында айтты.

Бір отбасы – бір кәсіп

Адам баласы өзінің күш-жігеріне сенгенде ғана жетістіктерге қол жеткізеді. Өмірдің өзі куә болғандай, тіршіліктің сынағына тек қана қажырлы, еңбек сүйгіш азаматтар ғана төтеп бере алады. Осындай еңбек ерлерінің бірі Доспанов Қойшыбектің әулеті. Әулеттің үлкен ұлы Мүбарак Пати М-нің ең үздік жүргізушілерінің бірі. Ал қорыту зауытының пеші электронды бөлімінің бригадирі Әбдірәшит ширек ғасыр бойы кәсіпорында қорыту жұмысын атқарып келеді. Жұмыс барысында ол республиканың түкпір-түкпірінен таныс тапты. Сәтпаев, Қарағанды, Теміртау қалаларындағы билбордтардан ол кісінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге түскен суретін көруге болады. Риясыз еңбегінің нәтижесі ретінде «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды. Нұрлан 23 жыл қорыту цехының анодты бөлімінде краншы болып қызмет етеді. Өз ісін жетік меңгерген оның жұмыс орнында беделі жоғары. Оның отбасы үлкен әулет болып ата-анамен бірге тұрады. Рамазан да әулеттік дәстүрін бұзбай, 21 жыл бойы аталмыш кәсіпорында қорытушы қызметін атқарады. Жас шағына қарамастан Рақымжан III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің кавалері атанды. Ол 17 жыл бойы цехта мүсті металлдарды өңдеуші болып жұмыс істейді. Жүзу секілді спорттық шаралардың белсенді қатысушысы. Ерлер арасындағы жүзуден жарыс бойынша бірнеше дүркін жеңімпаз. 2008 жылы «Қазақмыс» корпорациясының өкілі ретінде Қытайдың Үрімші мен Куньмин қалаларына тәжірбие алмасуға барып қайтты. «Кәсіподақтар мен жастар: болашақ бүгіннен басталады» атты Қазақстанның жас қызметкерлері форумына қатысып, «Жезқазған мыс қорыту зауытындағы жастардың жұмысы мен еңбек әулеттері» тақырыбында баяндама оқыды. Қыздары, күйеу балалары мен келіндері де корпорация жүйесінде еңбек етеді. 

 

 




Яндекс.Метрика