Өңірлер

Парламент депутаты ШҚО-ның Жарма ауданының тұрғындарына Ұлт жоспарының қадамдарын жүзеге асыру барысын түсіндірді (ФОТО)

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар қаласында, Жаңғызтөбе кентінде, Қаратөбе, Қалбатау, Суықбұлақ, Қоңырбиік, Қарасу ауылдарында сайлаушылармен кездесулер өткізді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан 24 Тамыз, 20:03

Сонымен қатар, Кентарлау ауылындағы мектептің жағдайымен танысты, Шар қаласы және Жаңғызтөбе кентіндегі республикалық бюджет есебінен салынып жатқан мектептердің құрылысын аралап көрді.

«Аталған кездесулерде Нұртай Сабильянов Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасына, Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамға ерекше тоқталып, Парламенттің заң шығару қызметі мен «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының жұмысы туралы баяндап берді. Сондай-ақ, еліміздегі қаржы-экономикалық жағдайға тоқталды», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, сайлаушылар тарапынан ауылшаруашылығын дамыту, жұмыспен қамту, тұрғын үй, тегін медициналық көмектің көлемін арттыру, ауыз су, жер, көші-қон, мемлекеттік сатып алу, интернет желісімен, ұялы телефон байланысымен толық қамту және тағы басқа әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Аталып өткендей, депутат сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, 19 азамат өз өтініштері бойынша депутаттың жеке қабылдауында болды.





Дерекнама

Яндекс.Метрика