Урбанизация және өңірлер дамуы

Ақтөбе облысында сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысына 3,8 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысында 2015 жылы «Өңірлерді дамту - 2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласы, Мұғалжар ауданының монақалалары Жем мен Эмбада, Ырғыз ауданының Жайсанбай, Күйліс ауылдарындағы сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысы мен қайта құру жұмыстарына 3,8 млрд теңге бөлінді.
Ақтөбе28 Тамыз , 08:54

ІСБ хабарлағандай, 2015 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша қалалардың орталық сумен қамтамасыз етуге қол жетімділігі 100% болса, ауылдарда 72,8% құрады.

«Бұл ретте 2012-2014 жылдары Ақбұлақ бағдарламасы аясында жүзеге асырылған сумен қамтамасыз ету, суды бұру бойынша 49 жоба септігін тигізді. Аталған уақытта 26 елді мекенде сумен қамтамасыз ету желісі салынды, кейбіреулерінде күрделу жөндеуден өтті, 11-де қайта қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жүзеге асырылған жобалар құны шамамен 11 млрд теңгені құрады, қомақты қаражат республикалық және облыстық бюджеттен бөлінді. 




Яндекс.Метрика