Өңірлер

ҚР жаңа қаржы-несиелік саясатқа көшпегенде көптеген секторларда өндіріс тоқтап қалар еді – ҰҚП

Қазақстан жаңа экономикалық саясатқа көшпегенде, еліміздің көптеген секторларында өндіріс тоқтап қалар еді, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы24 Тамыз , 15:36

Сөз басында басқарма төрағасы Қазақстанның жаңа экономикалық саясатты қабылдаудағы басты екі себепті еске салды. Біріншісі мұнай бағасының төмендеуі, бұдан бюджет толмас еді. Нәтижесінде Қазақстанның экспортқа бейімделген экономикасы тақырға отырары сөзсіз. Орташамерзімде бағалар бастапқы қалпына қайта оралмайды.

Егер бірінші жағдай көзге көрініп-ақ тұрса, екінші жағдай шағын және орта бизнеспен байланысты.

«Жалпы мұнай табысы төмендеп кетті. Маңғыстау облысында мұнай өндіру көлемі төмендемеді, керісінше 2%-ға артты. Алайда шынайы табыс 40-50%-ға төмендеп, сәйкесінше мұнай компаниялары 38%-ға қысқарды. Шамамен нәтижені де көруге болады, экономиканың ШОБ саласында төмендеп жатқаны байқалады», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бұл қадам соншалықты оңай болмады, алайда бұл жағдайға,  нарық пен бизнеске, тұтынушыларға үйрену керек. 




Яндекс.Метрика