Адами капитал

Қызылорда облысында «Қазақстанның үздік тауары - 2015» өңірлік көрме-байқауына 25 тауарөндіруші қатысты

Қызылордада облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары - 2015» өңірлік көрме-байқауына 25 тауарөндіруші қатысты, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.
Қызылорда24 Тамыз , 19:18

Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауын ұйымдастырып, өткізу биылғы жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген болатын. Биылғы жылы Сыр өңірінде өткізілген өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 25 тауарөндіруші қатысты.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы - жаңа тұтынушыларды таба отырып, іскерлік байланыстар орнатуға арналған бірегей шара болып табылады. Биылдан бастап байқау ережесіне енгізілген өзгерістің нәтижесінде жеке кәсіпкерлер де қатысу мүмкіндігіне ие болды», - деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов.

Сонымен, "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымы бойынша:І дәрежелі дипломмен «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС; ІІ дәрежелі дипломмен «Мир - 2001» ЖШС; ІІІ дәрежелі дипломмен «ШиеліТасОңтүстік» ЖШС.

"Халық тұтынатын үздік тауарлар" аталымы бойынша: І дәрежелі дипломмен «УЮТ» ЖШС; ІІ дәрежелі дипломмен «Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу өндірістік кәсіпорны» ЖШС; ІІІ дәрежелі дипломмен ЖК «Мұрагер».

"Үздік азық-түлік тауарлары" аталымы бойынша: І дәрежелі дипломмен «Арал тұз» АҚ; ІІ дәрежелі дипломмен «Браунис» ЖШС; ІІІ дәрежелі дипломмен ЖК «Қазбергенов» марапатталды.

Көрме-байқау жеңімпаздары "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арнайы дипломдарымен, мүсіншелермен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздардан өзге көрме-байқауға қатысушылардың барлығы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің алғыс хатымен марапатталды.




Яндекс.Метрика