Энерготиімділік

О.Әлібеков: 59 қадамды жүзеге асыру 2020 жылға қарай энергосыйымдылықты 25% -ға төмендетуге мүмкіндік береді (ВИДЕО)

Ұлт жоспарының 59 қадамын жүзеге асыру 2020 жылға қарай энергосыйымдылықты 25% -ға төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР ИДМ ИДӨҚК энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру басқармасының бастығы Олжас Әлібеков «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 24 Тамыз, 15:03

Ұлт жоспарының 59 қадамында мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту міндеті қойылған.

«Яғни, олардың міндеті жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу болып табылады. 59 қадам аясында не істелетініне келетін болсақ, заңнамаға, бюджет кодексіне сәйкесінше өзгертулер енгізіледі», - деді сөз басында О.Әлібеков.

Оның айтуынша, ҚР бюджет кодексіне энергосервистік келісім бойынша өзгертулер қажет, яғни инвестор өз қаржысы және технологиясымен келеді, ал қаржы қайтарымы үнемдеу есебінен жүзеге асады.

Сонымен, маманның пайымынша 59 қадамды жүзеге асыру 2020 жылға қарай энергосыйымдылықты 25%-а дейін төмендетеді. Екіншіден бюджет қаржысын үнемдейді. Үшіншіден бұл салаға стратегиялық инвесторлар тартылады

Анар Тәңірқұлова





Дерекнама

Яндекс.Метрика