EXPO-2017

Қытай ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

Қытай Халық Республикасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми растады, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.
Әлемде 24 Тамыз, 14:32

Хабарланғандай, тиісті құжатты табыстау рәсімі Бейжіңде ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев пен Қытай халықаралық саудаға ықпалдасу комитетінің төрағасы Цзян Цзиньвейдің қатысуымен өтті.

«Қытайдың іскерлік ортасы ЭКСПО-2017-ге ерекше қызығушылығын танытуда. Осы жылғы мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары кезінде Президент Н.Назарбаевқа ол Қытай Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысатынын айтқан болатын. Жалпы, Қытай ЭКСПО-2017 арқылы әлемге өзінің энергетиканы дамыту тұжырымдамасын таныстыруға ниетті», - деді өз сөзінде Цзян Цзиньвэй.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай ЭКСПО-2017-ге өзінің қатысатынын растаған 39-шы ел болды.





Яндекс.Метрика