Ұлттың денсаулығы

Астанадағы әлем біріншілігінде Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсететін спортшылар құрамы анықталады – МСМ

Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсететін спортшылар құрамы Астанада өтіп жатқан әлем біріншілігінде анықталады, деп хабарлады ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев ОКҚ-да.
Астана қаласы24 Тамыз , 13:54

Оның айтуынша, қазақстандық спортшылардың басты міндеті 22 үздіктер қатарынан табылу, себебі оның құрамына кіргендер Олимпиада ойындарына бірден жіберіледі. Осы ретте ол атап өткендей, Астанадағы әлем чемпионаты олимпиадалық ұпайларды жинауға мүмкіндік беретін жалғыз жарыс емес.

«Лицензиялар Дзюдо халықаралық федерациясының рейтингісіне сай анықталатын болады. 22 үздіктер қатарынан табылған спортшылар автоматты түрде Риодағы Олимпиада ойындарына жіберіледі. Бұл олимпиадалық ұпайларды жинауға мүмкіндік беретін жалғыз жарыс емес, алайда   Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсететін спортшылар құрамы анықталады», - деді С.Жарасбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталды. 24-30 тамыз аралығында «Алау» спорт сарайында жаңа әлем чемпиондарының есімдер анықталмақ. Елімізге осы жарысқа қатысу үшін 900-ге жуық спортшы, 144 елдің өкілі, 200-ден астам шетел журналистері және халықаралық ұйымдардың өкілдері келді.




Яндекс.Метрика