Үкімет

ОААЭЫ министрлері 38,8 млрд долларлық жаңа бағыт құрылысы жобасын мақұлдады

Бүгін, 24 қазанда ОААЭЫ министрлері алдағы 7 жыл ішінде 38,8 млрд доллар инвестицияны талап ететін жаңа бағыт құрылысы жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Қазан , 18:40

«Бүгін мақұлданған жоспар автожолдар, темір жол қатынасы мен маңызды дәліздердегі шекаралық байланыстардың құрылысын қамтиды», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, Орталық Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастығының 10 мүшесі 2020 жылға дейін өңірдің сауда-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында Орта Азияны Қытаймен, Оңтүстік Азиямен байланыстыратын автомобиль және темір жолдарының құрылысын дамытады.

«Аймақта қатынастың нығаюы нарықтың кеңеюі мен бәсекеге барынша қабілеттілік танытуға алып келеді. Осыған орай еліміздің саясатын әлемдік нарықтың заңдылықтарына жауап беретіндей етіп ыңғайлау керек. Қазіргі кезде жоспарланған инвестиция сауда қатынасын жетілдіру мен еліміздің нарықтық экономикаға түгелдей қалыптасуына бағытталған», - деді ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, ОААЭЫ бағдарламасы бұл-Әзірбайжан, Ауғанстан, Қазақстан, ҚХР, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Пәкістан сияқты 10 мемлекеттің және АДБ, ӘБ, ЕҚДБ, ХВҚ, ИДБ, БҰҰДБ секілді 6 көпжақты институттардың әріптестігі. ОААЭЫ бағдарламасы инфрақұрылымдар бойынша аймақтық жобаларды қаржыландыруға аралық қызметті дамытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталған.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика