Ұлттың денсаулығы

С.Мұсайбеков: Моңғол дзюдошысы әлем біріншілігінде Қазақстан атынан сынға түседі

Моңғол дзюдошысы Отгонцэцэг Галбадрах Астанадағы дзюдодан әлем біріншілігінде Қазақстанның атынан шығады, бұл спортшының алғашқы халықаралық деңгейдегі жарысы, деп хабарлады Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы24 Тамыз , 13:28

«Моңғол дзюдошысы Отгонцэцэг Галбадрахпен келіссөздер өткен жылы олардың бастамасымен басталған болатын. Бұл қыз әлемнің үздік дзюдошыларының бестігіне кіреді. Ол өз еркімен Қазақстан атынан өнер көрсеткісі, Қазақстан құрамасының сапында олимпиадалық жетістіктерге  жеткісі келді. Бір сөзбен айтқанда өзінің спортшы ретіндегі талантын біздің елімізде көрсетуге ниет танытып отыр», - деді С.Мұсайбеков.

Вице-министр атап өткендей, мұндай мысалдар елімізде жетерлік, көптеген спортшылар біздің еліміздің азаматтығын алу арқылы алға қойған мақсатына жете білген.

«Осындай жарқын мысалдардың бірі Майя Манеза, ол 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алтынға қол жеткізді. Бүгінде ол әлем чемпионатына дайындалуда, отбасылық жағдайын келетін болсақ қазақстандық зілтемір көтеруші Арсенийге тұрмысқа шығып, 1,5 жасар ұлдарын тәрбиелеуде. Бір сөзбен айтқанда ол бақытты», - деді С.Мұсайбеков.

Толықтыра кетейік, бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталды. 24-30 тамыз аралығында «Алау» спорт сарайында жаңа әлем чемпиондарының есімдер анықталмақ. Елімізге осы жарысқа қатысу үшін 900-ге жуық спортшы, 144 елдің өкілі, 200-ден астам шетел журналистері және халықаралық ұйымдардың өкілдері келіп жатыр. Бүгін сағат 16-00-де  чемпионаттың ресми ашылуы болады. 




Яндекс.Метрика