Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда жиі қолданылатын дәрілік заттар бағасының өсуі байқалмайды

Қазақстанның барлық аймақтарында ҚР ДСӘДМ мен фармацевтикалық қауымдастық арасында өзара келісілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша Меморандум шарттары сақталуда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Казахстан24 Тамыз , 15:53

Ағымдағы жылдың 23 тамызында ҚРДСӘДМ Медициналықжәне фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті аймақтық департаменттері мамандарының медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларының бағасын ұстап тұру бойынша жүргізген мониторинг нәтижесінде елімізде аталмыш дәрілер бағасының қымбаттауы анықталған жоқ. Сондай-ақ, тұрғындардан өтініштер мен шағымдар түскен емес.

Кәсіпкерлерге Меморандум аясында құны бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын қайта бағалауға жол бермеу туралы хабарландырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 наурызында ҚР ДСӘДМ мен фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарынқолдау болып табылады.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыңотандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар   және бөлшек  сауданың  өкілдері  2015  жылғы 1 наурыздағы деңгейінде бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтікжауапкершілікті өздеріне алды. Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды жәнедене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер және дәкелер.




Яндекс.Метрика