Инвестициялар

Ұлттық қор қаржысы есебінен қайта өңдеу саласының 900-ден астам заемшысы 6% үстемақымен қаржыландырылды

«Даму» қоры Ұлттық қор қаржысы есебінен қайта өңдеу саласының 940 заемшысын 6% үстемақымен қаржыландырды, деп хабарлады «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров ОКҚ-да.
Астана қаласы24 Тамыз , 13:11

«Өткен жылы Елбасы қайта өңдеу саласындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, 200 млрд теңгені үш траншпен бөлді. Бүгінде Ұлттық қор қаржысы есебінен қайта өңдеу саласының 940 заемшысы 6% үстемақымен қаржыландырылды», - деп мәлімдеді ол.

Сонымен, 1 транш бойынша (100 млрд теңге)  ШОК-тың 514 субъектісіне қолдау көрсетілді. Қаржы толығымен игерілді. 2 транш бойынша (50 млрд теңге) ШОК-тың 254 субъектісіне қолдау көрсетілді. Қаржыны шамамен  90% берілді. Мақұлданған жобаларды есепке алатын болсақ, қаржының 97,2% игерілді. Бұдан басқа, ЕДБ қарауында жалпы сомасы 15,4 млрд теңге болатын 79 жоба бар. Бағдарламаға қатысып отырған 13 ЕДБ-ның 5-уі қаржыны толығымен игеріп үлгерді. Өз кезегінде 3 транш бойынша (50 млрд теңге) ШОК-тың 172 субъектісіне қолдау көрсетілді. Шамамен игеру көлемі 44,5% құрады. Ал, мақұлданған жобаларды есепке алатын болсақ бөлінген қаржының 75,4% игерілді. Бұдан басқа, ЕДБ қарауында жалпы сомасы 25,5 млрд теңге болатын 98 жоба бар. Осылайша, үшінші транш бойынша келіп түскен өтініштер сомасы бөлінген қаржыдан асып жығылады.

Бұдан басқа,  Д. Әбілқайыров атап өткендей, «Даму» қоры стартап-жобаларға қолдау көрсету шараларын жалғастыруда.

«БЖК-2020 бағдарламасымен бірыңғай банктік өнімдер жасақталды, олар жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлерге арналған. Аталмыш бағдарлама несиеге 20 млн теңгені алуға мүмкіндік береді. Осы ретте кәсіпкер кепілдемелік қамтамасыз етудің 80% «Даму» қорынан ала алады», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика