Инвестициялар

«Даму» қоры АДБ-дан үшінші транш 228 млн долларды тартуды жоспарлауда

«Даму» қоры 2015 жылдың соңына дейін Азия даму банкінен үшінші транш 228 млн долларды тартуды жоспарлауда, деп мәлімдеді «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров ОКҚ-да
Астана қаласы24 Тамыз , 12:47

 «Ағымдағы жылдың соңына дейін «Даму» қоры Азия даму банкінен  үшінші транш 228 млн долларды тартуды жоспарлауда, осы ретте қордың валюталық тәуекелдері сақтандырылады», - деп мәлімдеді ол ОКҚ-да.

Сонымен қатар, Даму қоры 1300-ден астам заемшыны қаржыландыруды көзде отыр, олар өз кезегінде 3000 жаңа жұмыс орнын ашады.

«Жалпы доллар бағамының еркін айналымға жіберілуін есепке ала отырып, «Даму» қорының бағдарламалары қабілетті және өміршең болып келеді», - деді Д. Әбілқайыров.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика