Өңірлер

«Даму» қоры шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ

«Даму» қоры теңге бағамын түзетуге байланысты шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ, деп мәлімдеді «Даму» қоры басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров ОКҚ-да.
Астана қаласы24 Тамыз , 12:11

«Өздеріңіз білетіндей Үкімет еркін теңге бағамы туралы хабарлады. Аталмыш теңге бағамын түзету кәсіпкерлік ахуалға еш әсер етпейді, керісінше болашақта кәсіпкерлер жұмысының жандануы күтілуде. «Даму» қоры шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын қысқартуды немесе төмендетуді болжап отырған жоқ. Біз өзіміздің көмек көлемімізді арттыратындығымызға сенімдіміз», - деп мәлімдеді Д.Әбілқайыров.

Оның атап өтуінше, Даму қоры заемшыларын теңге бағамының еркін айналымға өтуі еш алаңдатпеу керек, себебі несие немесе субсидия тек теңгелей беріледі.

«Оның үстіне валюталық зайымдардың пайыздық үстем ақысын субсидиялау қарастырылған. Бүгінде мұндай 27 жоба бар, оның жалпы құны 53 млрд теңге. Жалпы, шетелдік валюта түрінде қарыз алғандардың үлесі барлық қарыз алушылардың 3% ғана құрады», - деді Д.Әбілқайыров.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика