Білім беру

Қазақстанда білім беру саласының мамандары «Өзін өзі тану» бағдарламасының жетістіктерін талқылауда (ВИДЕО)

Бүгін біз «Өзін өзі тану» республикалық бағдарламасының жеткен жетістіктері туралы еститін боламыз, оның авторы «Бөбек» балалар қорының президенті Сара Назарбаева, деп хабарлады Балаларды қорғау комитеті төрағасының орынбасары Аяш Мәкенова Астанадағы «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани білім – мектепті жаңғырту негізгі бағдарламасы» панельді сессиясы барысында.
Астана қаласы 24 Тамыз, 12:03

«Білім беру саласы қызметкрелерінің тамыз кеңесі аясында «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани білім – мектепті жаңғырту негізгі бағдарламасы» панельді сессиясы өтіп жатыр.  Онда «Бөбектен» келген әдіскер мамандар және мектептегі аталмыш пәннің мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісуде.  Бүгін біз «Өзін өзі тану» республикалық бағдарламасының жеткен жетістіктері туралы еститін боламыз, оның авторы «Бөбек» балалар қорының президенті Сара Назарбаева», - деді  А.Мәкенова.

Маманның айтуынша, «Өзін өзі тану» пәні мектепті, отбасы мен қоғамды біржерге топтастырады.

Панельді сессияның мақсаты – барлық мектеп пәндерінің мазмұнына жалпы адами құндылықтарды енгізу арқылы адамгершілік-рухани тәрбие жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика