«Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасы білім беру жүйесін айтарлықтай жаңғыртады, ол туралы 77 қадамда айтылған. Бүгінде министрлік экономиканың басымдылық берілген салаларын анықтап, олар үшін мамандарды даярлауда. Олар металлургия, машинақұрылысы, мұайхимия, тамақ өндірісі, құрылыс материалдарын дайындау және химия өндірісі болып табылады. Бүгінде жоғарғы оқу орындар 24 жаңа магистрлік бағдарламаны жасақтады», - деді С. Өмірбаев.
Оның айтуынша бұл бағдарламалардың артықшылығы шетелдік серіктес жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп жасақталуында. «Бағдарламаларда тәжірибеге көбірек дең қойылған және оларды жасақтау барысында жетекші шетелдік оқу орындарының мамандары тартылды», - деді ол.
Индира Кауметова