ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Қазақстандық колледждердің оқу стандарттарын өзгертуге 9 млрд теңге бөлінді

ИИДМБ аясында 10 қазақстандық колледждердің оқу стандарттарын өзгертуге республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы24 Тамыз , 11:31

«Барлық колледждер жаңа оқу стандарты бойынша балаларды оқыта бастады, 2011 жылдан бері қолға алынған ИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі бойынша, теория мен тәжірибені ұштастыруға барлығы 12 млрд теңге жұмсалды», - деді сөз басында Е.Иманғалиев.

Дәлірек айтсақ,  елдегі жоғарғы оқу орындары мен арнайы колледждерде 1400 жаңа лабораториялық жабдықпен жарақтандырылған алаңқайлар ашылды. Оған республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінсе, қалған 3 млрд теңгесі Дүниежүзілік банктің арнайы гранттары есебінен іске асырылды.

«Осы реформаларға дейін жұмыспен қамту 50-58% құраса, енді ол 70%-дан асып жығылды. Бүгінде үш жақты келісім бойынша заң Мәжілістің қарауында, алдағы уақытта оны заңдастыратын боламыз», - деді Е. Иманғалиев.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика