Халықаралық интеграция

«Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы ДДҰ-ның саясатына сай келеді – сарапшы

ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының аймақтық директорының Арнайы өкілі, жұқпалы аурулар бөлімі жетекшісінің орынбасары Недрет Эмироглу ханым ҚР ДСӘДМ 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына өте жақсы баға берді, деп хабарлады ҚР ДМӘДМ баспасөз қызметі.
Казахстан24 Тамыз , 14:47

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының аймақтық директорының Арнайы өкілі, жұқпалы аурулар бөлімі жетекшісінің орынбасары Недрет Эмироглу ханыммен кездесті.

Кездесу аясында Недрет Эмироглу ханым ҚР ДСӘДМ 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына өте жақсы баға берді.

«Біз Қазақстан Республикасының 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен таныстық. Бұл өте жақсы стратегиялық бағдарлама. Ол толығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясатына сай дайындалған. Аталмыш бағдарлама Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының сапалы әрі серпінді дамуына ықпал етеді», - деді Н. Эмироглу. 




Яндекс.Метрика