Өңірлер

Астананың негізгі капиталына 354 488,7 млн теңге инвестицияланды – ҚР ҰЭМ

2015 жылғы қаңтар-шілдеде Астананың негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі 354488,7 млн. теңгені құрады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Астана қаласы24 Тамыз , 11:16

Аталып өткендей, бұл 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 17,8%-ға көп. Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,7%-ды құрады.

Инвестициялардың басым үлесі жекеменшік нысандағы кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 69,1%-ын құрайды.

«Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты 27,5%-ды, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты 55%-ды, банк кредиттері 5,8%-ды, басқа қарыз қаражаттары 11,7%-ды құрайды», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика