Адами капитал

БҚО-ның ТЖД балалар үшін ашық есік күнін өткізді (ФОТО)

Балаларда қауіпсіздік мәдениеті ерте кезден бастап қалыптасқаны жөн, сол себепті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Атамұра» аула клубының балалары үшін ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан 24 Тамыз, 10:26

Балаларды Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің № 2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері қарсы алып, осы жылы 150 жыл мерей тойы өтетін Қазақстандағы ең көне өрт сөндіру бөліміне саяхат өткізді.

Осы күнге дейін сақталып қалған және Орал өңірінің халқына қызмет көрсетіп келе жатқан өрт сөндіру бөлімінің көне ғимараты балаларды таңқалдырды. Сондай-ақ, балалардың назарына қазіргі заманғы өрт сөндіру техникасы, жабдықтары, өрт сөндірушілердің киім-кешегі ұсынылды.

Кейін жеткіншектер Өрт сөндіру-техникалық орталыққа саяхат жасап, оларға 500 мұрағаттық фотоматериал, экспонаттар, техникалық құралдар көрсетілді. Өрт сөндіру-техникалық орталығының  экскурсия жетекшісі Галия Брматова балаларды өртке қарсы қызметінің құрылу және даму тарихымен таныстырып, өрт сөндірушілердің жұмысы туралы хабар етті. Балалар қызыға ХХ ғасырдағы өртпен күресушілердің дауылға қалпағын киіп қарады.

Соңында «Атамұра» аула клубының мүшелері не асфальтта «Балалар қауіпсіздікті таңдайды!» суреттер сайысы өткізілді.  Балалар  өздерінің жұмыстарында орманды өрттен сақтап қалу, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мысалдарын  және өрт сөндіруші жұмысын  көрсетті. 





Яндекс.Метрика